Бақылау диктанттары «Қосаяқ»

Қосаяқ – кішкентай кеміргіш аң. Шөлді, жазық жерлерді мекендейді. Ол – өте секіргіш аң. Басына төнген қауіптен қашқанда бірнеше метр жерге оңай секіреді. Қосаяқ – құс сүйекті жануар. Күні бойы інінде ұйықтап жатады. Кешке қарай жем іздеуге шығады. Дән және шөптердің тамырымен қоректенеді. Қосаяқтар – түнде қоректенетін жануар. (44 сөз)

Тапсырма:

  1. Бастауыштардың астын бір сызықпен, баяндауыштардың астын екі сызықпен сыз.
  2. Соңғы екі сөйлемнен қатаң дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
  3. Мекендейді, қоректенеді сөздерін буынға жаз.
Бақылау диктанттары «Бозторғай»

Омар атам үй сыртындағы бақшаны аралап келе жатты. Түні бойы суық жаңбыр жауды. Жер сыз. Атай жусанның ығында бүрісіп отырған кішкентай құсты көрді. Ұшуға жарап қалған бозторғайдың балапаны. Тұмсығының жиектері сап-сары. Өзіне әбден жаңбыр өткен. Екі қанаты салбырап , дір-дір етеді. (41сөз)

Тапсырма:

  1. «Бақшаны, жусанның, бозторғайдың» деген сөздердің түбірін тап.
  2. Қандай? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.
  3. «Кішкентай, тұмсығының» сөздерін қалай тасымалдауға болатынын көрсет.
Бақылау диктанттары «Соңғы алма»

Күз айы еді. Рысбек ауланы жапырақтардан тазартып жүрген. Бір кезде ағаш басындағы жалғыз алмаға көзі түсті. Рысбек ойланбастан алманы алғысы келді. Ол бұтаққа шықты. Бұтақ сынып кетті. Рысбек ағаш түбіндегі кірпінің үстіне құлады. Ол жылап қалды. Үзіліп түскен алма кірпінің үстінде кетті. (42 сөз)

Тапсырма:

  1. Мәтінде қанша сөйлем бар?
  2. Соңғы сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелерді белгіле.
  3. «Алма» сөзіне бірнеше жалғау қосып жаз.
Бақылау диктанттары «Құмырадағы су»

Қорада құмыра тұр. Оның ішінде суы бар. Бір кезде қара қарға құмыраның қасына келіп қонды. Оның су ішкісі келді. Құмыра биік.

Қарғаның тұмсығы құмырадағы суға жетпеді. Қарға жерде жатқан тастарды көрді. Ол тастарды тұмсығымен тістеп, құмыраға тастай бастады. Су көтерілді. Қарға құмырадан су ішті.

Тапсырма:

  1. Тұмсығымен сөзіне дыбыстық, буындық талдау жаса.
  2. Соңғы сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.
Бақылау диктанттары «Күз»

Қыркүйек. Күздің алғашқы айы. Аспан бұлттанды. Күннің қызуы азаяды. Күн салқындай бастайды. Ағаштың жапырақтары сарғая бастады. Терек пен қайың жасыл жапырағынан айырылды. Айнала сары ала түске боялды. Шық осы айда түседі. Құстар да жылы жаққа ұшып кетеді. Аңдар қысқы тіршіліктеріне кіріседі.

Тапсырма:

  1. Мәтіндегі сөйлем санын цифрмен жақша ішіне жаз.
  2. Не? нелер? Сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.
  3. «Қыркүйек» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Бақылау диктанттары «Балық аулаған балалар»

Күн жылы еді. Балалар өзенге келді. Біраздан соң қатты жел тұрды. Аспанды бұлт қаптады. Сіркіреп жауын жауды. Аздан соң жаңбыр құйып кетті. Балалардың үсті су болды. Олар ағаштардың арасына тығылды. Жауын басылды. Күн шықты. Балалар қайтадан өзенге келді. Қармақ салды. Балық ұстады. Кешке үйге қайтты.

Тапсырма:

  1. Жалаң сөйлемдердің астын сыз. Бастауышты бір, баяндауышты екі сызықпен сыз.
  2. «Қармақ» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
  3. «Балықшылар» сөзін тасымалдау түрінде көрсет.
Бақылау диктанттары «Шағала»

Көл ортасындағы шағын аралда шағала ұялары бар. Бұл кеште аспан ашық болатын. Аспанда шөкімдей бұлт жоқ. Көл беті айнадай жарқырайды! Өте тамаша көрініс!

Кенет арал шуға толып кетті. Шағалалар шаңқылдай ұшып, айналып қонып, айта көтеріледі. Не болғанын білгілерің келе ме? Шағалалар қауіптің төнгенін сезді.

Он сағат өткенде, солтүстіктен күшті дауыл тұрды. Көлдің беті алай-дүлей болды. (55 сөз)

Тапсырма:

  1. Сөйлемдердің түрлеріне қарай топтап санын жаз.
  2. «Аспанда шөкімдей бұлт жоқ» сөйлем мүшесіне талда.
  3. «Солтүстіктен» сөзін тасымалдау түрін жаз.
Бақылау диктанттары «Көктем келді»

Көктем де келді. Ауылдың ортасынан қақ жарып ағып жатқан өзен таси бастады. Қар еріп, сай – саланы су алды. Өзен жағасына жақын тұрған үйдің адамдары түнімен ұйықтамай шығады. Ауыл қариялары қолдарын көлегейлеп ұшқан құсқа жиі қарайды.Өйткені тырна келген соң, жер жыртуға болады. Олар сол сәтті тосады. Тырналар ұшып келді. Жұрттың бәрі тыраулаған тырналардың соңынан ұзақ қарап тұрды. ( 56 сөз )

Тапсырма:

  1. 3-сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
  2. «Тырна» деген сөзді жекеше, көпше түрде тәуелде.
  3. «Тырналардың» сөзін сөз құрамына талда.
Бақылау диктанттары «Қыста»

ҚҚыста жануарларға тамақ тауып жеу оңай емес. Құстар жылы жаққа ке-теді. Сауысқандар, ала қарғалар, торғайлар қалады. Суықтан сақтану үшін арқар, елік, қарақұйрық, киік, марал сияқты аңдардың жүні күзден бастап ұзарып қалыңдайды. Кейбір аңдардың терісінің астында май қабаты сақталады. Бұл оның бойындағы жылылықты сақтайды, тоңдырмайды. (45 сөз)

Тапсырма:

  1. Құстардың аттарын жекеше түрде жаз.
  2. Жануарлардың аттарын көпше түрде жаз.
  3. Қыс айларының атын жаз.
Бақылау диктанттары «Шахтада»

Біз қалада тұрамыз. Әкем шахтада істейді. Шахтер болуды мен де ұнатамын. Шахтаны көргім келеді. Оның қайда екенін білемін. Анау биік қара таудың қасында. Тау етегінде үлкен үй тұр. Шахтаға кірер есік сол жерде. Ақыры шыдамадым. Әкем сыйлаған фонарымды алдым да тура шахтаға тарттым. (40 сөз)

Тапсырма:

  1. Фонарь сөзіне дыбыстық талдау жаса.
  2. Алдыңғы екі сөйлемнен қимылды білдіретін сөздердің астын сыз.
  3. Етегінде, сыйлаған сөздерін буынға бөліп жаз.
1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Күз»

Диктант: Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар және олардың әріптері

Күз болды. Күн суыта бастады. Құстар жылы жаққа кетуге дайындалды. Түрлі құстар топ-тобымен кетіп жатты. (16 сөз)

Тапсырма:

  1. Екінші сөйлемнен жуан дауыстылардың астын сыз.
1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Көктем келді»

Көктем басталды. Күн жылынды. Жер көгерді. Жеміс ағаштары гүлдеді. Құстар жылы жақтан ұшып келе бастады. Егіншілер егін себу жұмыстарына кірісті. Малшылар қыстаудан көктеуге көше бастайды. Олар көктеуде мал төлдетеді.

Тапсырма:

  1. Кімдер сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жаз.
  2. Көктемде ұшып келетін құстардың атын жаз.
1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Кино»

Диктант: Заттың санын білдіретін сөздер

Біз сыныбымызбен киноға бардық. Залы кең, биік екен. Залға сегіз жүз кісі сыяды.Оқушылар он бесінші қатарға отырды. Экран үлкен. Кино екі сағат жүрді. (24 сөз)

Тапсырма:

  1. Дара сан есімді тауып астын сызыңдар.
2 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Киіз үй»

Киіз үй малшыларға өте қолайлы. Оны жылдам құрастырып, тез жинауға болады. Оның қыста жылы, жазда салқын болатынын айтсаңшы! Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әр түрлі болып келеді. Киіз үйлер төрт, алты, он екі қанатты болады.

1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Кебеже»

Айтуар ағаш шебері. Оның түрлі саймандары бар. Ол ағаштан кебеже жасады. Кебеже әдемі болып шықты. Кебеженің ішіне сүр ет, құрт, ірімшік, май салып қояды. Кебежеге салған тамақ бұзылмайды.

Тапсырма:

  1. Жұп дауыстыларды жаз.
  2. Мәтінде қанша сөйлем бар?
1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Біздің сынып»

Диктант: Заттың санын білдіретін сөздер

Біздің сыныпта жиырма оқушы бар. Он парта бар. Әр партада екі оқушыдан отырады. Сыныбымыз кең және жарық. (17 сөз)

Тапсырма:

  1. Сан есімдердің астын сызыңдар.
1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Балалар»

Диктант: Сөйлем, сөз, дыбыс, әріп

Қоңырау соғылды.Балалар сыныпқа кірді. Мұғалім келді.Оқушылар орындарынан тұрып сәлемдесті. (11 сөз)

Тапсырма:

  1. Үшінші сөйлем неше сөзден тұрады?
1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Аяз болар алдында»

Диктант: Сөйлем, сөз, дыбыс, әріп

Жаңа ғана жапалақ қар жауып өтті. Үлпілдеп жатқан ұлпа қар аппақ ақ көбіктен аумайды. Сезілер –сезілмес салқын леп бар. ( 19 сөз)

Тапсырма:

  1. Үлпілдеп- деген сөзі неше дыбыстан тұрады?
1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Астық»

Диктант: Сөйлем, сөз, дыбыс, әріп

Комбайн астық жинап жүр. Совхоз орталығында элеватор бар. Астықты элеваторға тасиды. (11 сөз)

Тапсырма:

  1. Мәтін неше сөйлемнен тұрады?
  2. Астық- сөзі неше дыбыстан тұрады?
1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Ана»

Диктант: Дауысты, дауыссыз дыбыстар және олардың әріптері

Әлемдегі ең әдемі сөз-ана деген сөз. Барлық тілде бұл сөз ерекше қадірлі. (13 сөз)

Тапсырма:

  1. Бірінші сөйлемдегі сөздердің дауысты дыбыстарының астын сыз.
1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Алматы»

Диктант: Сөйлем, сөз, дыбыс, әріп

Нұрлан баққа барды. Ағашта тұрған алманы көрді. Алуға қолы жетпеді. Ағашты сілкіледі. Алмалар саулап төгілді. ( 15 сөз)

Тапсырма:

  1. Мәтін неше сөйлемнен тұрады?
  2. Екінші сөйлем неше сөзден тұрады?
2 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Ақсары»

Құстардың түрі өте көп. Сен, Ақсарыны білесің бе? Ақсары бүркітке ұқсамай ма? Ұқсайды. Оны неліктен Ақсары деп атайды? Өйткені оның аузы да, аяғы да балапандар сияқты сап – сары. Ақсары – жыртқыш құс. Ол тышқан, қояндармен қоректенеді.

1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Айгүл»

Диктант: Тасымал. Дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуы

Айгүлдің анасы дүкенге барды. Дүкеннен алма, алмұрт, жүзім әкелді.
Айгүл алманың біреуін алды. Оны әжесіне берді. Әжесі алманы жеді, рақмет айтты. ( 21 сөз)

Тапсырма:

  1. Алма, алмұрт, жүзім – сөздерін тасымалдап көрсет.
1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Құстар»

Диктант: Дауысты, дауыссыз дыбыстар және олардың әріптері

Құстар – табиғаттың жанашыры. Олардың көбі емшідәрігер тәрізді. Өсімдіктерді түрлі зиянкестерден қорғайды. (11сөз)

Тапсырма:

  1. Зиянкестерден – сөзінде неше дауысты дыбыс бар?
1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Қанатты достар»

Диктант: Заттын қимылын білдіретін сөздер

Балалар түрлі құстарды біледі. Құстар адамға көп пайда келтіреді.
Сондықтан оларды қанатты достар деп айтамыз. (15 сөз)

Тапсырма:

  1. Бірінші сөйлемнен зат есім мен етістікті тауып, астын сызыңдар.
1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Күн»

Диктант: Дауысты, дауыссыз дыбыстар және олардың әріптері

Күн – үлкен шар. Күнде айналып жүретін планеталар бар. Күн, жер, ауа барлық халыққа ортақ. (14сөз)

Тапсырма:

  1. Бірінші сөйлем неше сөзден тұрады?
1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Отбасы»

Талғат биыл бірінші сыныпқа барды. Өзі жеті жасқа толды. Оның әкесі отыз алты жаста. Анасы жиырма алтыға толды. Балабақшаға баратын қарындасы төрт жаста. Бәрінің ортасында жетпіс беске шыққан әжелері бар.

Тапсырма:

  1. Заттың санын білдіретін сөздердің астын сыз.
  2. Мына цифрларды сөзбен жаз. 6, 10, 20, 100
1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Наурыз»

Диктант: Сөйлем. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Мәтін. Қайталау.

Наурыз – көктем мейрамы. Ел оған сағынып жетеді. Алтыбақандар құрылады, ән салынып, би биленеді. Әр түрлі ойындар ойналады. (17 сөз)

Тапсырма:

  1. Мәтін неше сөйлемнен тұрады?
  2. Екінші сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты табыңдар.
1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Мамыр»

Көктемгі күн шуағын төгіп тұр. Мамыр айында жер беті құлпырып гүлге оранды. Орман жасыл желекке бүркенді. Егістіктегі астық жайқалып өсіп келеді. Далада көбелек қуып балалар жүгірісті. Мамыр айы көңілді болды.

Тапсырма:

  1. Құлпырып, көңілді сөздеріне дыбыстық талда жаса.
1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Қызғалдақ»

Диктант: Сөйлем. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Мәтін. Қайталау.

Қар кетіп, жер жылыды. Жазық даланы қызғалдақ жапты. Балалар қызғалдақ теруге барды. Құлпырған қызғалдақтар жер анаға сән берді. (18 сөз)

Тапсырма:

  1. Мәтін неше сөйлемнен тұрады?
  2. Үшінші сөйлем неше сөзден тұрады?
1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Шынығу»

Диктант: Сөйлем. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Мәтін. Қайталау.

Серік ерте тұрады. Денесін шынықтырады. Суық сумен жуынады. Суық сумен жуыну денсаулыққа пайдалы. (13 сөз)

Тапсырма:

  1. Бірінші сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты тауып,астын сызыңдар.
1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Футбол»

Диктант: Сөйлем, сөз, дыбыс, әріп

Балалар аулаға жиналды. Екі командаға бөлінді. Олар футбол ойнады. Бірінші команда жеңіске жетті. (13 сөз)

Тапсырма:

  1. Футбол- сөзі неше дыбыстан тұрады?
1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Фермада»

Диктант: Бас әріптен басталып жазылатын сөздер

Көктем келді. Арықтардан су ақты. Балалар қайық жасады. Қайықты суға жіберді. Қайық жүзе жөнелді. Балалар қайықтың соңынан жүгірді. (18 сөз)

Тапсырма:

  1. Кімдер? сұрағына жауап беретін сөздін астын сызыңдар.
1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Фермада»

Диктант: Заттын атын білдіретін сөздер

Колхозда ферма бар. Ферма үлкен және таза. Фермада сиыр, қой, ешкі көп. Менің әжем озат сауыншы. Біз фермада сауыншыларға көмектестік. (20 сөз)

Тапсырма:

  1. Сиыр, қой, ешкі сөздеріне қандай сұрақ қойылады?
1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Ұлы ұстаз»

Диктант: Сөйлем. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Мәтін. Қайталау.

Ыбырай бала кезінен ақылды, алғыр болған. Әуелі ауылда, кейін үлкен қалада білім алып, ұстаздық жолын қуған.М ектеп ашып, қазақ балаларын оқытқан. (21 сөз)

Тапсырма:

  1. Мәтіннен Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Үзіліс»

Диктант: Заттын атын білдіретін сөздер

Қоңырау соғылды. Оқушылар үзіліске шықты. Әсем мен Анар келесі сабаққа дайындалды. Келесі сабақ – дене тәрбиесі. Олар дене тәрбиесі сабағын ұнатады. (20 сөз)

Тапсырма:

  1. Кім? Кімдер? Сұрағына жауап беретін сөздерді анықтап, астын сыз.
2 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Түйе»

Адамдар түйені ертеден бері көлік ретінде пайдаланады. Ол шөл даланың ең төзімді көлігі. Түйе алыс жолдарға өте шыдамды. Көп уақыт су ішпей жүре береді. Түйемен адамдар жүктерін тасиды. Оның сүті қою болады. Түйенің сүтінен шұбат жасап ішеді.

1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Түйе»

Диктант: Дауысты, дауыссыз дыбыстар және олардың әріптері

Түйе – түлік басы.Түйе көштің көлігі. Оған көбінесе жүк артады. Сүтінен шұбат, қымыран дайындайды. Жүнінен жылы киім тоқиды. (18 сөз)

Тапсырма:

  1. Екінші сөйлемнің дауыссыз дыбыстарының астын сыз.
1 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Тоқылдақ»

Диктант: Жуан және жіңішке айтылатын сөздер

Тоқылдақ – орман құсы.Ол ертеден кешке дейін жем іздейді. Ал түнде ұясында тынығады. Тоқылдақ суықта да басқа жаққа ұшып кетпейді. (20 сөз)

Тапсырма:

  1. Жуан айтылатын сөйлемді табыңдар.
2 сынып диктанттары на тему Бақылау диктанттары «Тиін»

Тиін орманда, тоғайда болады. Ол секіруге икемді. Бұтақтан – бұтаққа, ағаштан – ағашқа секіріп жүреді. Жыртықш аңдардан бұтаққа секіріп жүріп қорғанады. Тиін бүр, саңырауқұлақ және жаңғақпен қоректенеді. Тиінді көрсең тиме. Оны қорғап жүр.