Күн жылы еді. Балалар өзенге келді. Біраздан соң қатты жел тұрды. Аспанды бұлт қаптады. Сіркіреп жауын жауды. Аздан соң жаңбыр құйып кетті. Балалардың үсті су болды. Олар ағаштардың арасына тығылды. Жауын басылды. Күн шықты. Балалар қайтадан өзенге келді. Қармақ салды. Балық ұстады. Кешке үйге қайтты.
Тапсырма:
- Жалаң сөйлемдердің астын сыз. Бастауышты бір, баяндауышты екі сызықпен сыз.
- «Қармақ» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
- «Балықшылар» сөзін тасымалдау түрінде көрсет.