Қорада құмыра тұр. Оның ішінде суы бар. Бір кезде қара қарға құмыраның қасына келіп қонды. Оның су ішкісі келді. Құмыра биік.
Қарғаның тұмсығы құмырадағы суға жетпеді. Қарға жерде жатқан тастарды көрді. Ол тастарды тұмсығымен тістеп, құмыраға тастай бастады. Су көтерілді. Қарға құмырадан су ішті.
Тапсырма:
- Тұмсығымен сөзіне дыбыстық, буындық талдау жаса.
- Соңғы сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.