Сауаттылық диктанттары «Ою»

Жанар жасынан әсемдікке үйір болды. Әсіресе түрлі оюларға қызықты. Оның әжесі ауылдағы атақты оюшы болатын. Сырмақ, текеметке ою салатын. Жанар әжесінен ою оюды үйретуін өтінді. Әжесі келісті. Жанар қуанды. Әжесінің айтқанын бұлжытпай орындап жүрді. Көп кешікпей Жанар бұл өнерді игеріп алды. Ол да атақты оюшы болды.

Сауаттылық диктанттары «Зейінді оқушы»

Шоқан он жасында әскери мектепке оқуға түсті. Мектепке келгенде орыс тілін білмейтін. Ол аз күнде орыс тілін үйренді. Шоқан өт е зейінді оқушы болды. Ол саяхат туралы кітапты қызығып оқыды. Саяхатшы болуды арман етті. Шоқан суретті де жақсы салды. Ол мектепті алтын алқамен бітірді.

Сауаттылық диктанттары «Аңқау күшік»

Біздің Мойнақ деген күшігіміз бар. Мойнақты шеңберден қарғытып өткізбек болдық. Күшік шеңберден қарғымады. Сонан соң қағазға мысықтың суретін салдық. Оны шеңберге жапсырдық. Мойнақ суретті көрді. Аңқау күшік суретті тірі мысық екен деп, оған оқтай атылды. Сөйтіп, мойнақ шеңберден қарғуды үйренді.

Сауаттылық диктанттары «Ақбөкен»

Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ- тобымен жайылады. Кәрі ақбөкендер қарауыл қарайды. Төнген қауіпке пысқырып дыбыс береді. Ақбө-кендер сырттай қарағанда қойға ұқсайды. Олардың тұмсығы жалпақтау, басы үлкен болып келеді. Артқы аяқтарынан алдыңғы аяқтары қысқалау. Көздері қайнар суындай тұп-тұнық. Ақбөкендер – өте сақ жануар. Ақбөкен дәрілік мүйізі үшін көптеп ауланды. Қазір саны азайып кетті. (57 сөз)

Тапсырма:

  1. «Бер, қара,кел, ұқса» сөздеріне жұрнақтар жалғап болымсыз етістік жаса.
  2. Ақбөкендер – өте сақ жануарлар. Сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
  3. «Дәрі» сөзін тәуелдеп жаз.
Сауаттылық диктанттары «Тау өзені»

Ауыл жанында өзен бар. Өзен беті мөлдірейді де жатады. Түбі малта тас, лай болмайды. Күн жылынған бойда ауыл балалары өзенге барады. Оның күнгей жағасындағы көк майсалы жерде ойнаймыз. Осы бір кішкене тау өзені болмаса, басқа жерде шомыла алмаймыз. Сондықтан осы өзен бойында отырған біздің ауыл балаларының суда жүзбейтіні болмайды. (50сөз)

Тапсырма:

  1. Болымсыз етістіктердің астын сыз.
  2. 1-2 сөйлемдегі жіңішке дауысты дыбыстардың астын сыз.
  3. «Мөлдірейді» сөзін буынға бөліп жаз.
Сауаттылық диктанттары «Сырғанақ»

Балалар үйдің артына қар үйді. Омар мен Қасен қарды тегістеді. Сәлім мен Төкен қардың үстін сулады. Ертеңіне сырғанақ дайын болды. Балалар түстен кейін сырғанауға келді. Олар шанамен сырғанады. Әлия мен Анар бір шанаға отырды. Сырғанақтың маңы өте көңілді. Біреулері құлап жатыр,біреулері күліп жатыр. (44сөз)

Тапсырма:

  1. Туынды етістіктердің астын сыз.
  2. Тегістеді , көңілді деген етістіктерді сөз құрамына талда.
  3. Түбір сөздердің астын сыз. Қай сөз табына жататынын анықта
1 сынып диктанттары на тему Сауаттылық диктанттары «Орманда»

Мен орман ішімен жүріп келемін. Төңірегіме қарап қоямын. Қандай тамаша! Күздігүнгіден орман мүлде өзгерген. Айнала жап – жасыл болған. Аяқ астыма қарасам, жер жасыл кілемдей. Қалың бұтақтар арасынан көгілдір аспан көрініп тұр.

1 сынып диктанттары на тему Сауаттылық диктанттары «Мойыл»

Мойыл – дәрілік өсідік. Қабығы қоңыр. Гүлдері ақ түсті болады. Дәрі жасау үшін мойылдың гүлі мен жемісін пайдаланады. Мойылдан жасалған дәрімен көз, өкпе ауруларын емдейді. Мойылдың гүлін көктемде, жемісін күзде жинайды.

1 сынып диктанттары на тему Сауаттылық диктанттары «Қыс»

Қыс мезгілі. Далада қар жауып тұр. Балалар қармен ойнап жүр. Олар қардан қуыршақ жасады.Балалардың қолдары тоңды. Бірақ қуыршақтары әдемі болып шықты. Қуыршақтың көзі көмірден жасалды.

1 сынып диктанттары на тему Сауаттылық диктанттары «Қымыз»

Қымыз – дәмді сусын. Ол биенің сүтінен жасалады. Қымыздың қышқылтым дәмі тілді үйіреді. Оның шипалық қасиеті де мол. Жайлауда ішкен дәмді қымыз – денсаулыққа өте пайдалы. Атам мен әжем қымыз ішкенді ұнатады.

2 сынып диктанттары на тему Сауаттылық диктанттары «Қаңтар»

Қаңтар – жыл басы, қыстың қақ ортасы. Қаңтар айында сақылдаған сары аязды күндер көп болады. Суық күндер бет, қол, аяқ үсу жиі кездеседі. Терезенің әйнектері, ағаштар, су бетіндегі мұздар жарылып кетеді. Малшылар малды қорада күтеді. Балалар мен қарттар үйде отырады.

2 сынып диктанттары на тему Сауаттылық диктанттары «Күз»

Күз түсті. Күн көзінің қызуы азайды. Ауа райы да суыта бастады. Жан – жануарлар қысқа дайындық жасауда. Құмырсқалар індеріне дән тасып жүр. Құмырсқа – еңбекқор жәндік. Олар қысқы азығын жаз бойы жинап алады.

2 сынып диктанттары на тему Сауаттылық диктанттары «Шаңырақ»

Қазақтың өмірінде шаңырақтың маңызы өте зор. Ұл бала әке шаңырағының иесі болып саналады. Киіз үйдің басқа сүйектері ескірсе жаңартуға болады. Ал, шаңырақ жаңартылмайды. Шаңырақты үй иесі деп есептелетін ер адам ған көтереді.

2 сынып диктанттары на тему Сауаттылық диктанттары «Саршұнақ»

Саршұнақ – кеміруші жәндік. Ол інін егіс маңына жақын жерден қазады. Астық дәндерімен қоректенеді. Кейбір құстар саршұнақты аулайды. Соның бірі – қарақұс.

Саршұнақтың іні құстардан сақтануға ыңғайлы. Ол інінен алысқа кетпейді. Інінен шықса болды, жыртқыш құстар сап ете қалады.